Батыс Қазақстанда із-түзсіз жоғалған 18 жастағы студенттің мәйіті табылды
Батыс Қазақстанда із-түзсіз жоғалған 18 жастағы студенттің мәйіті табылды
Фото: tengrinews.kz
Осыдан 3-4 күн бұрын жоғалып кеткен студенттің денесі Жайық өзенінен табылды, – деп жазады Tengrinews.kz. Студент 18 жастағы Ерасыл Төлеуғали Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы Базаршолан ауылында жоғалып кеткен еді.
«25 тамызда Ерасыл Төлеуғалидің денесін сүңгуірлер Жайық өзенінен тапты. Ол суға киіммен түскен» делінген хабарламада.
Колледждің 3-курс студенті Ерасыл Төлеуғали демалыс кезінде Ақжайық ауданындағы туыстарына барып, үй шаруасына көмектескен. Студент жігіт Базаршолан ауылының жанындағы Қыдырбай қыстауында болған. Алайда 21 тамызда қыстаудағы шөп өртеніп, Ерасыл туыстарымен бірге малды алысырақ айдауға алып шыққан. Інілерін үйге қайтарған ол сол күйі үйіне қайтып келмеген. Жігіт 25 тамызда Оралға оралуы тиіс болатын.