Мемлекет басшысы Си Цзиньпинге құттықтау жеделхатын жолдады
Мемлекет басшысы Си Цзиньпинге құттықтау жеделхатын жолдады
380
оқылды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев  Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпинді Қытай Коммунистік партиясы Орталық комитетінің Бас хатшысы лауазымына қайта сайлануымен құттықтады. Бұл туралы Ақорда хабарлайды.
«Бұл жеңісіңіз отандастарыңыздың Сізге және Қытайдың саяси-экономикалық іргесін нығайтуға, азаматтарының әл-ауқатын еселеуге және халықаралық сахнадағы беделін арттыруға бағытталған дана да көреген саясатыңызға көрсеткен кең қолдауының айғағы екені сөзсіз. Сіздің басшылығыңызбен еліңіз бүгіннен де биік белестерге жете беруіне шынайы тілектестігімді білдіремін», – деп жазылған жеделхатта.