Түркістанда үйлену тойы Әнұранмен басталды – видео
Түркістанда үйлену тойы Әнұранмен басталды – видео
Фото: Ақмарал Молдиярқызының Facebook-тағы парақшасынан алынды
1,594
оқылды
Түркістанда үйлену тойы Әнұранмен басталды, – деп хабарлайды Aikyn.kz. Қала тұрғыны Мейіржан мен Ақботаның шаңырақ көтерген тойы Республика күнімен тұспа-тұс келді. Ұлттық мерекеде тойға келген қонақтар ерекше жайттың куәсі болды. Тойға жиналған қонақтар Әнұран орындады. Видеодан екі жастың қасында екі жігіттің мемлекеттік Туды ұстап тұрғанын көруге болады. Әнұран аяқталған соң, салтанатты түрде неке қиды.    width=   Мейіржан Сайфуллаев Түркістан облыстық Қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ-де қызмет атқарады.