Алматы облысында 11 қыркүйекте жоғалған 14 жастағы оқушы табылды. Бұл туралы Алматы облысы Полиция департаменті хабарлады.
Полицейлер кәмелетке толмаған жасөспірімді Талғар ауданы Сақтан ауылынан тапты.
Бала бір жарым айдай ата-анасынан жасырынып жүрген. Ол далада түнеп, көзге түспеуге тырысқан. Бұған дейін де үйінен бірнеше рет қашып кеткен. Ол ата-анасымен бірге тұрғысы келмейтінін айтқан.
Баланың тағдырын арнайы құрылған комиссия шешеді.