«Түркі әлемінің орталығы» салынбақ
«Түркі әлемінің орталығы» салынбақ
780
оқылды
Түркітілдес елдердің өнері мен мәдениетін дәріптейтін ТҮРКСОЙ-дың киелі Түркістан қаласында кеңсесі ашы­луы мүмкін. Ұйымның ұйытқы болуымен Түркістанда өте­тін бірқатар маңызды шараның барысы Түркістан об­лысының әкімі Дархан Сатыбалды мен Түркі мәдение­тін және өнерін дамыту халықаралық ұйымының (ТҮРКСОЙ) Бас хатшысы Сұлтан Раевпен кездесуінде жан-жақты талқыланды. Тараптар күллі түркі әлемінің рухани астанасы – Түркістанды жаһанға паш ету жолындағы тың жобаларды талқылады. Түркі әле­мінің ынтымақтастығын арттыру­ға арналған маңызды жобалар­дың іске асырылғаны айтылды. Об­лыс басшысы халықаралық ұйымның маңызды қызметін ай­рықша атап өтті.
— Түркі мемлекеттерінің өз­ара байланысын арттыруда ТҮРКСОЙ-дың миссиясы зор. Түбі бір түркі ха­лықтарының мә­дениетін дә­ріп­теп, мәдени құнды­лықтарын сақтау жолындағы ең­бектеріңіз ерен. Күл­лі түркі әле­мінің рухани астанасы ретінде біз де мәдениет пен өнер саласындағы мәселелерге баса мән береміз. Бұл бағыттағы бастамалар мен тың жобаларға қуана қолдау білдіреміз. Ұлттық тағылымы мол, жаңа та­нымдық жобаларға және әдебиет пен ғы­лымды дамытуға ба­­­ғыт­талған бас­тамаларға айрықша назар ау­да­рамыз,— деді Дархан Сатыбалды.
Кездесу барысында 2021 жылы ресми түрде түркі әлемінің рухани астанасы болып жарияланған Түр­кістан қаласының әлеуетін да­мытуға ерекше көңіл бөлінді. Өз кезегінде, ТҮРКСОЙ-дың бас хат­шысы түркі әлеміне ортақ ша­ралардың бірқатарын атап өтіп, келер жылы Түркістанда жастар арасында өтетін этнофестиваль мен халықаралық форумның ма­ңыздылығын атап өтті. ТҮРКСОЙ желісі бойынша жүзеге асырылуы мүмкін іс-шаралар мен жобалар туралы хабардар етті. Кездесуде Түркістан музыка­лық драма театрындағы балет труппасының шеберлігі мен мүм­кіндігі нәтижесінде ел назарын аударған «Қорқыт туралы аңыз» ат­ты пластикалық спектакльдің түр­кітілдес елдеріне турне жасауы туралы мәселе көтерілді. Сондай-ақ Turkistan телеарнасын түркіге ор­тақ ақпарат алаңына айналдыру мәселесі сөз болды. Халықаралық телеарнаның ақпарат алмасу мен медиа кеңістік қалыптастыруға бағытталған алтын көпір болу жо­лында түркітілдес елдерде бөлімше ашу жайы да айтылды. Сонымен қатар Түркістанда «Түркі әлемінің орталығы» ғи­ма­раты салынатын болды. Аталған нысанның сәулеттік-көркемдік келбетін, кешенді сәулет тұжы­рым­дамасын әзірлеу үшін рес­публикалық ашық байқау ұйым­дастырылды. Оған еліміздің түк­пір-түкпірінен сәулетшілер қа­тысып, 17 жоба ұсынылды. Облыс әкімі Дархан Сатыбалды аталған арнайы көрмеге қойылған жоба­лармен танысып, сәулетшілер мен мүсіншілермен кездесті.
– Түркістанның әрбір нысаны талапқа сай болуы тиіс. «Түркі әлемінің орталығы» ғимараты атына сай болып, құрылыс сала­сының соңғы технологиялары қол­данылған жөн. Оған уақыт та, мүмкіндік те бар, – деген Дархан Сатыбалды жобаларды жетілдіру жөнінде өз ұсынысын айтты.
Түркістан облысының Сәулет және қала құрылысы басқармасы ұйымдастырған байқаудың екінші кезеңіне іріктеуден өткен үздік жобалар жіберілетін болды. 2021 жылы 31 наурызда «Түр­кістан – түркі әлемінің рухани астанасы» тақырыбында түр­кі­тілдес мемлекеттердің ынты­мақ­тастық кеңесінің бейресми сам­миті өткен болатын. Саммитте Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан қаласында түркі ха­лықтарына ортақ сәулет нысанын салуды тапсырды. Осыған орай Түркістан облысының әкімдігі осы ашық байқауды ұйымдас­тырып отыр. Байқауға қаты­су­шыларға Түркістанның тарихи келбетін сақтай отырып, жаңа нысанның тұжырымдамасын әзір­леу талабы қойылған. Түркі әле­мінің орта­лы­ғы ғимараты түр­кітілдес елдердің бірлігі мен ын­тымағын білдіретін рухани орта­лыққа айналуы тиіс.

Түркістан облысы