Мәскеу қаласының орталығында 200 шаршы метр аумақтағы үшқабатты үй өртеніп кетті. Ресей ТЖМ Бас басқармасы мәліметінше, өрт туралы ақпарат жергілікті уақыт бойынша 16.24-те (Астана уақыты бойынша 19.24-те) белгілі болған.
"Өрт сөндірушілер келген кезде 3-қабаттың терезелерінен үй өртеніп жатқаны байқалған. Ғимарат үшқабатты, кірпіштен қаланған, ескі ғимарат. Өрт ауданы 200 шаршы метр болады", – делінген хабарламада.
Зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ. Кейінірек өрт сөндірілген. Өрт сөндіруге 100 адам және 29 техника жұмылдырылған.