Ақтөбе облысында мұнай ұңғымасынан беймәлім сұйықтық ағып, айналаны ластады.
31 қазан күні Ақтөбе облысының экология департаментіне «СНПС Ақтөбемұнайгаз» АҚ қарасты «Кеңқияқмұнай» КМГДБ №797 ұңғымасынан сұйықтық аққаны туралы хабар түскен.
Аталған дерек бойынша департамент инспекторы оқиға орнына барды.
Оның барысында мынадай келеңсіз жайт анықталды.
"№797 ұңғымада негізгі оқпанның дәнекерленген жері ашылып кетті. Ластанған алаңның көлемі 3 168 шаршы метрді құрайды. Апаттың салдарын жою ісімен "Ақберен" ЖШС айналысып жатыр. Апат орнын тексеру кезінде ұңғымадан мұнай аралас сұйықтықтың әлі ағып жатқаны анықталды", - делінген министрлік таратқан ақпаратта.