Ғылым комитетінің төрағасы тағайындалды
Ғылым комитетінің төрағасы тағайындалды
Фото: primeminister.kz
661
оқылды
Ғылым және жоғары білім министрінің бұйрығымен Дархан Жұмақанұлы Ахмед-Заки министрлікке қарасты Ғылым комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды. Бұл туралы Премьер-Министрдің баспасөз қызметі хабарлайды.   Дархан Ахмед-Заки 1981 жылы Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетін, Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ мемлекеттік техникалық университетін бітірген. Еңбек жолын 2002 жылы Алматы қаласындағы Республикалық медицина колледжінде физика және математика пәндерінің оқытушысы болып бастаған. 2003 жылы Жаңаөзен қаласында «Қазақойл» ЖАҚ технологиялық зерттеулер орталығының инженер-бағдарламашысы болып жұмыс істеді. 2004-2012 жылдары – әл-Фараби атындағы ҚазҰУ механика-математика факультетінің ассистенті, оқытушысы, аға оқытушысы, доценті, деканның оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары, «Информатика» кафедрасының меңгерушісі. 2012-2013 жылдары – әл-Фараби атындағы ҚазҰУ механика-математика факультетінің деканы. 2013-2016 жылдары – әл-Фараби атындағы ҚазҰУ оқу жұмысы жөніндегі проректор. 2016-2017 жылдары – ҚР Білім және ғылым министрлігінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаментінің директоры. 2017-2020 жылдары – Халықаралық бизнес университетінің президенті. 2020 жылдың тамыз айынан бастап қазірге дейін Astana IT University ректоры қызметін атқарды. Бұған дейін осы лауазымды атқарған Әділет  Тойбаев қызметінен босатылды.