Қазақстанда үйленгендердің 40 проценті ажырасады
Қазақстанда үйленгендердің 40 проценті ажырасады
Фото: Интернеттен алынды
5,373
оқылды
БҰҰ-ның мәліметінше, Қазақстанда ажырасу дерегі көбейген.   Зерттеудің нәтижесіне сүйенсек, елімізде некелесу азайып, ажырасудың үлесі көбейіп кеткен. 2013 жылдан бастап 2018 жылға дейін республика бойынша неке саны – 18%, ең көбі Шығыс Қазақстан облысында 28%-ке төмендегені белгілі болды. Солтүстік және Шығыс Қазақстан облыстары, Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларының тұрғындары өзгелерден жиі ажырасады. Бұл өңірлерде ажырасу деңгейі орташа республикалық көрсеткіштен жоғары екені анықталған. Ажырасу ең көп тіркелетін аймақ – республиканың оңтүстігі мен батыс өңірі. Бұдан бөлек, Қазақстанда бала туу көрсеткіші 2014 жылдан бері төмендеп келеді екен. 2017-2018 жылдары туу көрсеткіші 2008 жылдардан бергі көрсеткіштермен салыстырғанда ең төмен болған.