Германияда 8 адамды атып өлтірген күдікті үйінен өлі табылды
Германияда 8 адамды атып өлтірген күдікті үйінен өлі табылды
Фото: Интернеттен алынды
290
оқылды
«РИА Новостидің» хабарлауынша, Германияның Ханау қаласында 8 адамды атып өлтірген күдікті өз үйінде өлі табылды. Полиция оның жанынан тағы бір адамның мәйітін тапқан. «Қазіргі уақытта шабуыл жасаған басқа да адамдар бар деуге негіз жоқ» делінген полиция хабарламасында. Күдіктінің кім екені анықталып жатыр. Біз бұған дейін Германиядағы атыс жайлы хабарлаған болатынбыз.