Созақтың сары ұнтағы сарқылмасын – Қазатомөнеркәсіп Бетпақдаладағы кен орындарын қалай игеріп отыр?
Созақтың сары ұнтағы сарқылмасын – Қазатомөнеркәсіп Бетпақдаладағы кен орындарын қалай игеріп отыр?
©Қазатомөнеркәсіп
1,737
оқылды
Қазақстан уран өндіру мен сату бойынша әлемде көшбасшы екені баспасөз беттерінде жиі жазылып жүр. Бұл – факт. Сондай-ақ уран өндірісі адамзаттың өміріне қауіп төндіретін пайдалы қазба деген әңгіме де интернетте желдей есіп жүр. Бұл енді талқылайтын дүние. Өткен аптада бір топ журналист «Қазатомөнеркәсіп» компаниясының ұйымдастыруымен Түркістан облысының Созақ ауданында орналасқан «Инкай» және «Орталық» уран кеніштеріне арнайы сапарлап қайтты. Екі күн бойы тілшілер Бетпақдаланың кіндігінен нәсіп болған уран өндірісінің бүгінгі жай-жапсарымен танысып шықты. Табиғи уран өндірісінің аумағы стратегиялық нысан болып саналады. Сондықтан бұл жерге екінің біріне баруға рұқсат жоқ. Оның себебі түсінікті де шығар. Уран қауіпті қарудың шикізаты болуы бек мүмкін. Ол кім көрінгенге сатылмайды, берілмейді. Ұрлау, жымқыруға тіпті жол жоқ. Бұл аймаққа келіп кетуші жандар тізімге алынады. Бәрі қауіпсіздік үшін бақылауда болады. [caption id="attachment_225751" align="alignnone" width="1280"]Қазатомөнеркәсіп ©Қазатомөнеркәсіп[/caption] Компания құрылған сәтінен бастап атом энергиясын қауіпсіз, сенімді және бейбіт мақсатта пайдалану қағидаттарын қатаң сақтай отырып, өндірілген уран мен одан жасалған өнімдер бейбіт мақсатта пайдаланған жағдайда ғана оларды жеткізіп беруді жүзеге асырады. Сондай-ақ еңбекті және қоршаған ортаны қорғауды, өнеркәсіптік, радиациялық және ядролық қауіпсіздікті қамтамасыз етуді қамтитын өндірістік қауіпсіздік Қазатомөнеркәсіп қызметінде басты басымдыққа ие екенін білдік. Сол қауіпсіздіктің арқасында компания құрылған сәттен бастап онда өнеркәсіптік, экологиялық және радиациялық апаттардың бірде-бірі болмаған екен. Бұл - құптарлық жайт. Айтпақшы,  компания өндірістегі жарақаттану деңгейін нөлге жеткізу мақсатында Vision Zero халықаралық бағдарламасына қосылған. Әрбір қызметкердің денсаулығы, өмір қауіпсіздігі басты мақсатта. Егер жұмыс қауіпті болып, қызметкер өз денсаулығына алаңдаса онда ол жұмысын тоқтатуға құқылы. Оған ешқандай айыппұл салынбайды, - дейді компания басшылығы. [caption id="attachment_225752" align="alignnone" width="1280"]Қазатомөнеркәсіп ©Қазатомөнеркәсіп[/caption] Әлқисса... Қазақстан табиғи уран нарығында көшбасшы орынды иелеп, жыл сайын әлемдік атом энергетикасы сұранысының 40%-дан астамын қамтамасыз етеді. «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ уран, сирек металдар, АЭС-ке арналған ядролық отын экспорты мен импорты бойынша Қазақстанның  ұлттық операторы мәртебесіне ие. 2010 жылдан бастап Қазатомөнеркәсіп – уран өндіру бойынша әлемдік көшбасшы, ал 2018 жылдан бастап уран сату көлемі бойынша әлемде 1-орында келеді. Қазатомөнеркәсіп Қазатомөнеркәсіп кен орындарын игерудің ең қауіпсіз және экологиялық таза әдісін – жерасты ұңғымалы шаймалау (ЖҰШ) әдісін қолданады және өндірудің өзіндік құнының ең төмен көрсеткіштерінің біріне ие. Яғни,  жұрт айтып жүргендей табиғи уран ешқашан ашық әдіспен өндірілмеген. Бұл жақта жерасты шахталары да, карьерлер де жоқ. ЖҰШ технологиясы бойынша өндірілгенде уран дайын күйінде жер бетіне шығарылмайды. Кен орнында жіберу ұңғымалары салынып, солар арқылы кенді денелерге шаймалау ерітіндісі жіберіледі. Ол кен көкжиегі арқылы өтіп, уранның табиғи қосылыстарын ерітеді, содан кейін құрамында уран бар ерітінді шығару ұңғымалары арқылы сыртқа шығарылады. Қазатомөнеркәсіп Қазір Қазақстанның  пайдалы қазбалар қорының мемлекеттік балансында 450 000 тоннадан астам көлемдегі уранның баланстық қорына ие барланған 56 кен орны бар. Қазатомөнеркәсіп 14 кен орнында жұмыс жүргізеді, оның ішінде бір кен орны толығымен игеріліп, жою сатысында тұр. Қазатомөнеркәсіп уран шикізатын Қытай, Еуроодақ елдері, Үндістан, Ресей, Оңтүстік Корея, АҚШ, Канада секілді алпауыт елдерге сатады. Мұнда атом саласының көшбасшылары қатысуымен құрылған 12 бірлескен өндірістік кәсіпорын бар. Біз соның екеуіне арнайы барып, өндірістік технологиялар мен жұмысшылардың әлеуметтік жағдайын бағамдап қайттық. Бірінші аялдаған «Инкай» кен орын 1996 жылы Канаданың Cameco компаниясымен бірлесе отырып жүзеге асқан. Екіншісі - «Орталық» кеніші. Бұл жерде жұмыстар 2011 жылы басталған. 2021 жылдан бастап Қытаймен серіктестікте жұмыс жалғасты. [caption id="attachment_225754" align="alignnone" width="1280"]Қазатомөнеркәсіп ©Қазатомөнеркәсіп[/caption] Әлеуметтік-экономикалық үлес Компания өзі жұмыс жүргізетін өңірлердің дамуы мен өсуін белсенді қолдайды, жергілікті халықтың әл-ауқатын жақсартуға үлес қоса отырып, әлеуметтік маңызы бар жобаларды қаржыландырады. Тек 2021 жылы Қазатомөнеркәсіп жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар бойынша міндеттемелерді орындау шеңберінде қатысу өңірлерінің әлеуметтік-экономикалық дамуына 1,609 млрд теңге аударды. Сондай-ақ жедел жәрдем стансасының құрылысы, елді мекендерді абаттандыру, Түркістан және Қызылорда облыстарының 7 елді мекенінде балаларға арналған заманауи ойын және спорт алаңдарын салу сияқты бірқатар әлеуметтік жоба іске асырылып, халықтың әлеуметтік осал топтарына қаржылай көмек көрсетілді. Өткен жылдың қорытындысы бойынша, Қазатомөнеркәсіп әлеуметтік маңызы бар жобаларды іске асыруға 850,9 млн теңге көлемінде қаражат бөлді. Қазатомөнеркәсіп