«Қазір біздің еліміз дамудың жаңа кезеңін бастан өткеріп жатыр және халықтың ертеңгі күнге деген сенімі зор. Әділдік бар жерде — халықтың ынтымағы да, өзара ауызбіршілігі де бекем. Мұндай қоғамның тұрақты дамитыны да сөзсіз. Барлығымыз алдағы сайлауға белсенді қатысуымыз қажет, себебі еліміздің ертеңгі тағдыры әрбіріміздің дауысымызға байланысты», – деп атап өтті жыршы Ұлжан Байбосынова.