Қызылордада 40 000 евро ұрлаған екі ұры ұсталды
Қызылордада 40 000 евро ұрлаған екі ұры ұсталды
277
оқылды
Қызылордада жеке үйден 40 000 евро ұрлаған екі ұры құрықталды.
Полиция басқармасының 102 арнасына 54 жастағы қала тұрғыны арызданған. Белгісіз біреулер үй иелерінің жоқтығын пайдаланып, терезесін ашып кіріп, жатын бөлмедегі кереует астынан 40 000 евроны, Samsung Galaху Tab S7 және Samsung S9 ұялы телефондарын алып кеткен. Іздеу шаралары нәтижесінде 29 және 30 жастағы екі күдікті ұсталды», – дейді Қызылорда қаласы Полиция басқармасы бастығының орынбасары Ғалымжан Өмірзақов.
Аталған дерек бойынша ҚК-нің 188-бабының 4-бөлігімен (Адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен аса ірі мөлшерде жасалған ұрлық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде.