Алматы әуежайының баспасөз қызметі өкілдері тарихи ғимараттың қайда көшірілетінін айтты. Ведомство өкілдерінің мәліметінше, Алматы әуежайының тарихи ғимараты 1947 жылы салынған және тарихи-мәдени ескерткіштердің мемлекеттік тізіміне енгізілген.
"Қазақстан Республикасының "Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы" заңының 29-бабына сәйкес, егер орнын ауыстыру және өзгерту оның сақталу жағдайларын жақсартуға негізделсе, тарих және мәдениет ескерткішінің орнын ауыстыру және оны өзгертуге рұқсат етіледі.
Ескерткіштің орнын ауыстыруға мына құжаттар негіз болды:
Алматы қаласы әкімдігінің 2020 жылғы 11 қарашадағы №4/492 "Әуежай (Халықаралық әуежай) жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткішінің қозғалысы туралы" қаулысы;
"Қазреставрация" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны ғылыми-зерттеу және жобалау филиалының 2022 жылғы 31 қазандағы тарихи-мәдени сараптамасының қорытындысы;
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тарихи-мәдени мұра жөніндегі арнайы комиссияның 2022 жылғы 1 қарашадағы №6 хаттамасы", - деді баспасөз қызметі өкілдері.