Сайлау науқаны басталғалы бері Генералдар кеңесі үгіт-насихат науқанына белсенді қатысып, жұртшылықпен, ардагерлердің отбасыларымен кездесіп, Халықтық коалиция ұсынған кандидаттың сайлауалды бағдарламасының басымдықтарын талқылап жатыр.
Бүгін «Генералдар кеңесі» Республикалық қоғамдық бірлестігінің мүшелері Халықтық коалицияның республикалық штабында сайлау науқанының барысын талқылады. Сондай-ақ, қоғамдық бірлестіктің өкілдері үгіт-насихат және талдау орталықтарының, кандидаттың қоғамдық қабылдау бөлмесінің, медиа-штабтың, сенімді өкілдерді үйлестіру орталығының және байқаушылар штабының қызметімен егжей-тегжейлі танысты.
«20 қарашада мемлекет тағдыры, халық тағдыры таразыға түседі. Отандастарымыз үйінде отырмай, сайлау учаскелеріне барып, өз дауысын беріп, сол арқылы сайлау құқығын жүзеге асырулары керек», – деді ол.Өз кезегінде, «Генералдар кеңесі» РҚБ мүшесі, генерал-майор Өміртай Бітімов «Кездесуге қатысқан азаматтар пікір, тәжірибе алмасып, үгіт-насихат жұмысын жүргізуге қатысты орамды ой-пікірлерін ортаға салды», - деп атап өтті.