«Тәжірибелі саясаткер Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасын сайлауға ұсынып отырмыз» – Генералдар кеңесінің төрағасы
«Тәжірибелі саясаткер Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасын сайлауға ұсынып отырмыз» – Генералдар кеңесінің төрағасы
Фото: khabar.kz
358
оқылды
Елордада Генералдар кеңесінің төралқасы Қасым-Жомарт Тоқаевты президенттік сайлауға кандидат ретінде ұсынды, – деп жазды zakon.kz. Ұзақ жылдар бойы мемлекет игілігіне абыроймен қызмет еткен Қазақстан Қарулы күштері мен құқық қорғау органдарының генералдары, ардагерлері бүгінде отан мүддесін қорғауды жалғастырып келеді. Мемлекет басшысының қыркүйектегі Жолдауын талқылағаннан кейін «Генералдар кеңесі» РҚБ төралқасы бағдарламалық құжатта көрсетілген ережелер мен ұсыныстарды іске асыруға белсене қатысу туралы шешім қабылдады. Олар осы күзде кезектен тыс президент сайлауын өткізу туралы ұсынысты қолдайды. Әділетті Қазақстанды құруға бағытталған реформаларды табысты іске асыру үшін халық сенімінің жаңа мандаты қажет.
«Біз президенттік мандаттың бір реттік 7 жылдық мерзімін енгізуді еліміздегі жаңа саяси дәуірдің негізіне айналатын ашық демократиялық мемлекетті дамытудағы түбегейлі шара деп санаймыз. Әлем күрделі геосаяси жағдайда тұрғанда бейбітшілік пен келісімді бағалау керек. Біз, ел тәуелсіздігін қорғаған офицерлер қоғамымызға қызмет етуге дайын тәжірибелі саясаткер ретінде Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасын сайлауға ұсынып отырмыз», – деді «Генералдар кеңесі» РҚБ төрағасы Махмұт Телеғұсов.