Тоқаев таяуда саммитке қатысу үшін Самарқандқа барады
Тоқаев таяуда саммитке қатысу үшін Самарқандқа барады
Фото: inform.kz
376
оқылды
Биыл 10-11 қарашада Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының саммитіне қатысу үшін Самарқанд қаласына жұмыс сапарымен барады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. Жиын барысында мемлекеттер басшылары ТМҰ аясындағы сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты одан әрі дамыту перспективаларын қарастырады. Сондай-ақ саммит қатысушыларымен екіжақты кездесулер өткізу жоспарланып отыр.