Қызылордада ерекше аялдама пайда болды
Қызылордада ерекше аялдама пайда болды
696
оқылды
Қызылорда қаласында ерекше үлгілегі аялдама пайдалануға берілді. Өрт сөндіру көлігі бейнесіндегі аялдамаға жергілікті жұртшылық үлкен қызығушылық танытып, түрлі пікірлер айтуда. Бұл аялдама қаладағы «Мерей» ықшамауданындағы Саламатов көшесі бойына орналастырылған. Өрт сөндірушілерінің креативті жобасы өз ерекшелігімен көпті тәнті етіп тұр. Жүргіншілер өрт сөндіру көлігінің кабинасында қоғамдық көлікті күтіп отырғандай әсерге бөленетінін айтуда. Қызылорда облысы ТЖД-ның мәлімдеуінше, арт-жоба аялдама ғана емес, халыққа ақпараттық көмек ретінде де зор мүмкіндік туғызады.  Аялдамаға құтқарушы мен өрт сөндіруші мамандығын меңгеру жолдары, азаматтық қорғау қызметіне қалай жолдама алуға болатыны жазылған. Өрт сөндірушілер аялдамасы арнайы №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің жанына орналастырылған.

Ербақыт Жалғасбаев,

Қызылорда облысы