Қазақстан қор биржасындағы сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге қатысты бағамы 2 теңгеге түсті.
Күндізгі сауда-саттық бойынша, доллар бағамы 2,21 теңгеге төмендеп, 1 доллар 459,74 теңгеге тең болды.
Kurs.kz сайтының мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллардың сату бағамы – 463 теңге, сатып алу – 468 теңге.
Ал, Астана қаласы бойынша сату бағамы – 463 теңгеден болса, сатып алу – 466 теңгеден болып жатыр.