Заңсыз көші-қонның жолы кесілді
Заңсыз көші-қонның жолы кесілді
365
оқылды
Ұлттық қауіпсіздік комитеті заңсыз көші-қон арнасының жолы кесіл­генін хабарлады. 21 қазанда комитеттің Шекара қызметінің Түркістан облысы бойынша департаменті қылмыстық топты әшкерелеген. Арнайы операция прокуратурамен бірлесіп жүргізілді. Ресми деректерге сәйкес, қылмыстық топ Қазақстан, Өзбекстан және Ресейдің мемлекеттік шекаралары арқылы шек­ара­дан өтуге шектеу қойылған тұлғалар­дың заңсыз көші-қон арналарын ұйым­дастыруға маманданған.
«Жедел-іздестіру іс-шаралары нәти­жесінде қылмыстық топтың белсенді мү­шесі саналатын шетел азаматы заңсыз сипаттағы қызмет көрсеткені үшін 700 000 теңге көлемінде ақша алған кезде ұс­талды. Шетел азаматына және қыл­мыс­тық топтың басқа да мүшелеріне қа­тысты ҚР Қылмыстық кодексінің 394-бабы 2-бөлігі («Заңсыз көші-қонды ұйымдастыру») бойынша қылмыстық іс қоз­ғалды. Ұсталған азамат уақытша ұстау изоляторына қамалды» деп мәлімдеді ҰҚК баспасөз қызметі.