15 қараша – Ұлттық валюта күні
15 қараша – Ұлттық валюта күні
Фото: 365info.kz
3,766
оқылды
Бүгін, яғни 1993 жылы 15 қарашада Қазақстанның ұлттық валютасы – теңге айналымға енгізілді. 1997 жылдан бері Президент Жарлығымен 15 қараша – валюта күні әрі қаржыгерлер күні деп белгіленген, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 1992 жылдың 27 тамызы күні Ұлттық банк теңге купюрасының үлгіcін бекіткен болатын.  width= Inform.kz-тің дерегінше, теңгеге суретші Тимур Сүлейменов, Меңдібай Алин, Ағымсалы Дүзелханов, Қайролла Әбжәлеловтер тарихи тұлғалардың суретін бейнелеген. Ең алғашқы теңгеде тұлғалардың портреті, Алатау мен Көкшетау көріністері, Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің бейнесі, Маңғыстаудан табылған тастағы таңбаларды салған. Бір теңгелік банкнотқа Әбу Насыр әл-Фараби, үш теңгелікте Сүйінбай Аронұлы, бес теңгелікте Құрманғазы Сағырбайұлы, он теңгелікте Шоқан Уәлиханов, жиырма теңгелікте Абай Құнанбайұлы, елу теңгелікте Әбілқайыр хан, жүз теңгелікте Абылай хан бейнесі бейнеленді.    width= 1993 жылы алғашқы теңге партиясы Англияның ең көне әрі әйгілі «Харрисон және ұлдары» фабрикасында басылды. Теңгені елге тасымалдау үшін төрт ИЛ-86 ұшақтары Тұманды Альбион еліне 18 рет қатынады. Төл валютамыздың алғашқы партияларын сақтау үшін арнайы жерасты қоймалары дайындалып, дәл осы қоймалардан ұлттық теңгеміз барлық өңірдегі банктерге 8 күн ішінде жеткізілген болатын.    width= 1993 жылдың 15 қарашасында Тәуелсіз Қазақстан Республикасының төл валютасы айналымға енді. Ескі ақшаны қазақстандық теңгеге айырбастау 1993 жылы 15 қарашада сағат 8.00-де басталып, 20 қарашада сағат 20.00-де аяқталды.    width= Қазір банкнот – Ұлттық банктің Алматы қаласындағы Банкнот фабрикасында, ал монета – Өскемендегі Монета сарайында шығарылады. Бұған дейін Ұлттық банк "Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев бейнеленген купюра айналымда қала ма?" деген сауалға жауап берген болатын.