Өрт сөндірушілердің жалақысы өседі
Өрт сөндірушілердің жалақысы өседі
524
оқылды
Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин 2023 жылы жас өрт сөндірушілер мен құтқару­шылар­дың жалақысы айтарлықтай өсе­тінін мәлімдеді. Оның ай­туын­ша, осыдан 3 жыл бұрын жалақыны арттыру мәселесі көтерілгенде, министрлік қызмет­керлері бар болғаны 65 мың тең­ге алған.
«Қазір жаңадан қызметке келген адам­ның ең төменгі лауазымдық жала­қысы шамамен 110 мың теңге», – деді ведомство басшысы.
Ол жас қызметкерлердің жалақысы ке­лесі жылы айтарлықтай өсетінін атап өтті. Келер жылы 1 қаңтардан бастап жалақыны 10 пайыздан 70 пайызға дейін арттыру көзделіп отыр. Қызметті енді бас­таған қатардағы құрамның жалақысы мак­сималды түрде өседі. Ал басшы құ­рамға 10 пайыз қосылады. Атап айтқан­да, өрт сөндіру қызметінің, төтенше жағ­дай­лар қызметінің басшылары осы санатқа енгізіледі.