Колледж жұмысымен танысты
Колледж жұмысымен танысты
459
оқылды
Абай облысының әкімі Нұр­лан Ұранхаев Семейдің орта арнаулы оқу орындарының жұмысымен танысты. Бірінші болып өңір басшысы Геологиялық барлау колледжіне барды. Колледждің материалдық-техникалық базасына 47 оқу ка­бинеті, 22 зертхана, оқу-өндірістік шеберхана, оқу полигоны, спорт залы, оқу залы бар кітапхана, 800 адамға арналған акт залы, 160 орынға арналған екі асхана, меди­циналық пункт және 352 төсек-орындық жатақхана кіреді. Одан соң Геодезия және кар­то­графия жоғары колледжін аралады. Аталмыш оқу орнының материал­дық-техникалық базасын оқу корпусы мен жатақханасы бар оқу корпусы, шеберхана, спорт залы, 50 орынға арналған асхана, акт залы кітапхана және медициналық пункт құрайды. Бұл ұйым – гео­дезия және картография саласын­дағы мамандарды даярлайтын Қазақстандағы жалғыз колледж. Аймақ әкімі бұдан өзге, Элек­тротехникалық колледжі мен Биз­нес және сервис колледжінде болды. Ол оқу орындарының жұмы­сына оң баға беріп, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары бүгінде сұранысқа ие мамандықтар бойынша оқытуға бағытталғанын атап өтті. Облыс әкіміне «Жас маман» бағдарламасы бойынша жабдық­тал­ған шеберханалар, зертханалар, оқу кабинеттері таныстырылды. Сондай-ақ Нұрлан Ұранхаев сту­денттер және оқытушылармен әңгімелесіп, қазір осы салада қан­дай мәселелер бар екенін сұрады. Сонымен қатар алдағы WorldSkills республикалық және әлемдік турнирлердің қатысушы­ларымен кездесіп, оларға сәттілік тіледі. Сапарды қорытындылай келе, Нұрлан Уранхаев өңірге түрлі салада жоғары білікті мамандар қажет екеніне назар аударды.
«Біздің қала – студенттердің қаласы. Арнайы орта білім беру біздің өңірде әрқашан үздік бола­тын. Ең алдымен олар жұмысшы мамандықтары бойынша түлек­терді дайындайтын. Сонымен қатар жоғары білім алу үшін де мүмкіндік беретін. Біздің облыс жаңадан құрылды, осы себептен бізге жұ­мыс­шы мамандықтар қа­жет, сон­дық­тан біз орта арнаулы меке­ме­лер­мен бірлесіп жұмыс істеуіміз ке­рек. Біздің колледждер жақсы да­муда. Заманауи жабдықтар бар», – деді аймақ басшысы.

Б.ИКРАМОВА