Республиканың тоғыз өңірінде 19 қарашада боран, тұман және көктайғақ болады, – деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.
Солтүстік Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын болады. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман түседі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың басым бөлігінде екпіні 15-20 м/с.
Петропавл қаласында күндіз батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с-ке жетуі мүмкін.
Маңғыстау облысының солтүстік-батысында, оңтүстігінде, орталығына тұман түседі.
Түнде және таңертең Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында тұман түсіп, көктайғақ болады. Жел оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ауысып соғады, түнде облыстың солтүстік-батысында екпіні 15-20 м/с.
Орал қаласында түнде және таңертең тұман түсіп, көктайғақ болады.
Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында бұрқасын болады. Облыстың солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысып, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с болады.
Түнде Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде, күндіз солтүстігінде, шығысында көктайғақ болуы ықтимал. Актөбе қаласында кей уақытта көктайғақ болады.
Түнде Түркістан облысының таулы аудандарында кей уақытта қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Облыстың батысында, оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман түседі. Оңтүстік-батыстын жел соғады, тау асуларында күші 15-20 м/с.
Шымкент қаласында түнде кей уақытта тұман түседі. Түркістан қаласында түнде кей уақытта тұман түсуі мүмкін.
Күндіз Павлодар облысының солтүстігінде, батысында бұрқасын болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с.
Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман түсуі ықтимал. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батыс бағытқа ауысады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында жылдамдығы 15-20 м/с, күндіз екпіні 23 м/с-ке жетеді. Тараз қаласында түнде және таңертең тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батыс желіне ауысады, таңертең және күндіз екпіні 15-20 м/с болады.
Қостанай облысының солтүстік жартысында қар, бұрқасын болатыны болжанады. Облыстың оңтүстігінде тұман, көктайғақ болуы ықтимал. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстікке ауысады, облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с-ке жетеді.