Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, елорданың комиссиялары ұсынған деректерге сәйкес, 2022 жылғы 20 қараша сағат 12.05-тегі жағдай бойынша тізімге енгізілген азаматтардың жалпы санының 38,55 пайызы бюллетень алды. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының баспасөз қызметі хабарлайды.
«Қазақстан бойынша сағат 12.00-дегі жағдай бойынша президент сайлауына 4 606 596 адам немесе сайлаушылардың 38,55 пайызы қатысты», – деді Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Шавкат Өтемісов.
Оның ішінде:
Абай облысы бойынша – 43,67 %
Ақмола облысы бойынша – 40,13 %
Ақтөбе облысы бойынша – 44,48 %
Алматы облысы бойынша – 25,83 %
Атырау облысы бойынша – 40,42 %
Батыс Қазақстан облысы бойынша – 27,55 %
Жамбыл облысы бойынша – 41,29 %
Жетісу облысы бойынша – 42,18 %
Қарағанды облысы бойынша – 44,99 %
Қостанай облысы бойынша – 42,87 %
Қызылорда облысы бойынша – 43,46 %
Маңғыстау облысы бойынша – 41,19 %
Павлодар облысы бойынша – 44,23 %
Солтүстік Қазақстан облысы бойынша – 43,64 %
Түркістан облысы бойынша – 64,21 %
Ұлытау облысы бойынша 52,22 %
Шығыс Қазақстан облысы бойынша – 41,86 %
Астана қаласы бойынша – 19,33 %
Алматы қаласы бойынша – 16,89 %
Шымкент қаласы бойынша – 34,41 %
Келесі жедел ақпарат сағат 14.05-те берілетін болады.