Сағат 16:00-дегі жағдай: қазақстандықтардың 62,34 пайызы дауыс берді
Сағат 16:00-дегі жағдай: қазақстандықтардың 62,34 пайызы дауыс берді
©Радмир Фахрутдинов
534
оқылды
Таңертеңнен бері республика азаматтарының 62,34 пайызы дауыс берді. Бұл туралы ҚР Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Анастасия Щегорцова айтты. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және Астананың аумақтық сайлау комиссиялары ұсынған деректерге сәйкес, астана уақытымен сағат 16:00-дегі жағдай бойынша өңірлерде азаматтардың келуі мынадай: Абай облысы бойынша – 73,57, Ақмола облысы бойынша – 71,38, Ақтөбе облысы бойынша – 68,81, Алматы облысы бойынша – 55,11, Атырау облысы бойынша – 60,87, Батыс Қазақстан облысы бойынша – 54,62, Жамбыл облысы бойынша – 68,74, Жетісу облысы бойынша – 68,88, Қарағанды облысы бойынша – 71,89, Қостанай облысы бойынша – 71,38, Қызылорда облысы бойынша – 72,88, Маңғыстау облысы бойынша – 59,61, Павлодар облысы бойынша – 72,73, Солтүстік Қазақстан облысы бойынша – 72,21, Түркістан облысы бойынша – 80,09, Ұлытау облысы бойынша – 72,75, Шығыс Қазақстан облысы бойынша – 68,42, Астана қаласы бойынша – 44,39, Алматы қаласы бойынша – 26,19, Шымкент қаласы бойынша – 56,28 пайыз. Анастасия Щегорцованың дерегінше, жалпы 16-00-дегі жағдай бойынша республиканың 7 450 195 азаматы бюллетень алған. Ол тізімге енгізілген азаматтардың 62,34 пайызын құрайды.