Егер Мунгия келіссе, мен оны нокаутқа түсіремін, иншаллах. 2023 жылы «Канеломен» айқасамын. Міне, менің жоспарым! Не болатынын көрейік, – деді Жәнібек Әлімханұлы Twitter-де.Осы аптада Дүниежүзілік бокс ұйымы Жәнібек Әлімханұлының «Канелоның» ізбасары Хайме Мунгиямен жекпе-жегін бекітті. Бұл кездесудің қашан және қай жерде болатыны белгісіз. Өйткені оған 13 желтоқсанға дейін жекпе-жек өткізуге ресми түрде тыйым салынды. Бұл шара боксшының айқастан кейін қайта қалпына келуіне арналған.
If Manguia agrees, then I will knock him out inshallah. Then at the end of 2023 i will fight Canelo. This is my plan. Let’s see what will happen
— Janibek Alimkhanuly (@qazaqstyle) November 21, 2022