Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы өсті.
KASE қор нарығындағы күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша, доллар бағамы 4,05 теңгеге қымбаттады.
Бір АҚШ долларының орташа бағамы – 463,55 теңге.
Ұлттық банктің 21 қарашадағы ресми бағамы – 1 долларға 459,04 теңге.
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пунктерінде доллардың сату бағамы – 463,5 теңге, сатып алу – 467 теңге.
Ал Астана қаласы бойынша сату бағамы – 464 теңгеден болса, сатып алу құны – 465,5 теңге.
Ресей рублі 7,37 – 7, 43 теңге аралығында саудаланып жатыр.