Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге қатысты бағамы төмендеді.
Күндізгі сауда-саттық мәліметіне қарағанда, доллар бағамы 0,14 теңгеге төмендеп, 1 доллар 462,65 теңге болды.
Айта кетейік, Ұлттық банктің 23 қарашадағы ресми бағамы – 1 доллар үшін 462,75 теңге болды.
Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллардың сату бағамы – 463,5 теңге, сатып алу – 467 теңге.
Ал, Астана қаласы бойынша сату бағамы – 462 теңгеден болса, сатып алу – 465.
Ресей рублі 7,38 - 7,43 теңге аралығында саудаланып жатыр.
ҚР Ұлттық банкінің дерегіне сәйкес, 23 қараша күні Ресей рублінің орташа сараланған бағамы – 7,64 теңге болды.