Қарағандыда екі автобус соқтығысып, қоғамдық көлік жүргізушісі көз жұмды, 15 адам ауруханаға жеткізілді. Бүгін таңертең Қарағанды қаласының ДСК ауданындағы көпірде екі қоғамдық көлік соқтығысып қалды. Автобустардың бірінің жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды.
«Жол-көлік оқиғасы салдарынан №41 автобус жүргізушісі оқиға орнында қайтыс болды, 15 жолаушы мен №146 маршрут жүргізушісі медицина мекемесіне жеткізілді. Оқиға болған кезде №41 автобус бос болды», – деп мәлімдеді Қарағанды облысының ПД баспасөз қызметі.