Шығыс Қазақстан облысында боранға байланысты екі жол жабылды. ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, өңірдегі екі жолда көлік қозғалысына тыйым салынған.
«25 қараша күні сағат 10.30-дан бастап «Өскемен-Таулы Үлбі-Солтүстік» тасжолының 38-60 шақырымында («Алтай Альпісі» демалыс базасы мен Северное ауылының арасы) және Өскемен қаласының іргесіндегі Новотроицкое ауылына кіреберіс жолдың 0-22 шақырымы көліктің барлық түріне жабылды. Бұған боран, қатты жел мен жолдың дұрыс көрінбеуі себеп болып отыр» делінген ақпаратта.