Астанада екінші ауысымда оқитын оқушылардың сабағы қысқарады – Білім басқармасы
Астанада екінші ауысымда оқитын оқушылардың сабағы қысқарады – Білім басқармасы
Фото: Тұрар Қазанғапов
726
оқылды
Астана қаласында ауа райының қолайсыздығына байланысты екінші ауысымда оқитын оқушыларға сабақ болмайды, – деп хабарлайды елордалық Білім басқармасы.
«Қала мектептерінде екінші ауысым оқушылары үшін сабақ болады. Алайда сабақ санын қысқарту туралы шешім қабылданды. Сонымен қатар ата-аналар ауа райының нашарлауына байланысты балаларды мектепке жібермеуге құқылы екенін қоса хабарлаймыз», – делінген Білім басқармасы таратқан хабарламада.
Айта кетейік, елордада толассыз қар жауып тұр. 24 қарашадан 25-іне қараған түні қаладағы коммуналдық қызметтердің күшімен 5 мың текше метрден астам қар жиналып, полигондарға шығарылды, бұл 500-ге жуық рейсті құрады.