Президент облыстар мен ірі қалалардың әкімдерін міндет атқарушы мәртебесіне түсіріп, тиісті Жарлыққа қол қойды.
"Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Астана, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдері туралы» Жарлыққа қол қойды", – деп хабарлайды Мемлекет басшысының баспасөз қызметі.Қазақстан Республикасы Конституциясының 87-бабының 5-тармағына сәйкес Астана, Алматы, Шымкент қалалары және облыстар әкімдерінің өкілеттіктерінің тоқтатылуына байланысты жаңадан сайланған Қазақстан Республикасының Президенті қызметіне кіріскен Тоқаев мынадай жарлыққа қол қойды: