Талдықорған қаласындағы орталық саябақ аумағынан белгісіз ер адамның үсіген денесі табылды. Полиция тергеу бастады, – деп хабарлайды облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Полиция тексере келе марқұмның 41 жастағы Талдықорған қаласының тұрғыны екенін анықтады.
"Марқұмның денесінде зорлық-зомбылықтың белгілері анықталған жоқ. Іс жүзінде сот-медициналық сараптама тағайындалды, нәтижелері бойынша өлімнің себебі анықталып, түпкілікті іс жүргізу шешімі қабылданатын болады", – деді Талдықорған облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Нұрахмет Көбей.