Атырауда мал ұрлығымен айналысқан қылмыстық топ ұсталды. Бұл мал ұрлығына қатысты жыл басынан бері ашылып отырған бесінші қылмыс.
Атырау облысы полиция департаментінің Криминалдық полиция қызметкерлері Исатай ауданындағы Зинеден ауылдық округі аумағынан сиыр малын ұрлаған күдіктілерді ұстады.
Қылмыстық топтың ұсталуына өткен жылдың көктемінде 3 бас сиыр малының жоғалғандығы жөнінде шағымданған Исатай ауданы тұрғынының арызы себеп болған.
Қылмыстық топтың 1982 және 1983 жылы туылған Құрманғазы ауданының тұрғындары екені анықталды.
Екі адамнан құралған қылмыстық топ жәбірленушіге жалпы көлемі 1 миллион теңгеге жуық шығын келтірген.
Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 188-1-бабының 2-бөлігі «мал ұрлығы» бойынша іс қозғалып жатыр.
- Жыл басынан бері Атырау облысы аумағында 8 мал ұрлығы қылмысы орын алып , қылмыстың тіркелуі былтырғы жылмен салыстырғанда -75,0%-ға төмендеп отыр. Жүргізілген жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде 5 мал ұрылығы ашылды. Сонымен қатар, 28 -30 қараша аралығында Атырау облысы көлемінде мал ұрлығын жасауға қатысы бар адамдарды анықтауға, оларды ұстауға және қылмыстық жауапкершілікке тарту мақсатында жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде, - деді Атырау облысы Полиция департаменті Криминалдық Полиция басқармасының бөлім бастығы полиция подполковнигі Абай Жұмабаев .