«AMANAT» партиясының «Жастар рухы» Жастар қанатының волонтерлері жылусыз қалған Екібастұз қаласының тұрғындарына көмек көрсетуді жалғастырып жатыр.
Апаттан құтқарушы бригадаларға ыстық тамақ ұйымдастыру, сондай-ақ жалғыз тұрып жатқан зейнеткерлер, мүгедектер және мұқтаж отбасылар туралы ақпарат жинау үшін үй-үйді аралау жұмысы жүргізіліп жатыр.
«Бүгінде 1700-ден астам электр жылытқышты таратып үлгердік. Сондай-ақ, жылы көрпе де үлестіріп жатырмыз. Бұған қоса, осы жағдайға бей-жай қарай алмаған партиялықтар тәулік бойы жұмыс істеп жатқан апаттан құтқарушы бригадаларға ыстық тамақ ұйымдастыру үшін облыстың түкпір-түкпірінен азық-түлік жөнелтіп жатыр. Бұл жұмыс жылу жүйесін қалпына келтіргенге дейін жалғасады», – деп атап өтті Санира Жүсіпова.Естеріңізге сала кетейік, Екібастұзда «AMANAT» партиясының «Жастар рухы» жастар қанатының волонтерлер штабы жұмыс істейді.