Саяси белсенділігі жоғары
Саяси белсенділігі жоғары
454
оқылды
«АМАNAT» партиясы Сол­түстік Қазақстан об­лыс­тық фи­лиалының партиялық ба­қылау комиссиясының мү­шелері 20 қарашада өткен кезектен тыс Президент сай­лауының қорытындысын тал­қылады. Комиссия мүшесі, жеке кә­сіпкер Вадим Мусин атап өт­кеніндей, солтүстікқазақстан­дық­тардың дауыс беруге белсенді қатысуы олардың саяси сана­лылығы мен мәдениетін айғақ­тайды.
«Халықаралық байқаушылар сайлауды дайындау және өткізу барысында қоғамдық тәртіпті қам­тамасыз етудің жоғары дең­гейін атап өтті. Бұл сайлаушы­лар­дың кандидаттарға деген пікірі мен көзқарасын, ерік-жігерін еркін қалыптастыру үшін қолайлы жағдай жасауға оң ықпал етті. Сайлау заңды және ашық деп танылды», – деп атап өтті Вадим Мусин.
Сайлау күні аманаттықтардың өздері де дауыс беру барысын ба­қылады. «Болашақ» филиалының атқарушы хатшысы Александр Зель Петропавлдың сайлау учас­келерінің бірінде бақылаушы болған.
«Қасым-Жомарт Тоқаевқа 6 млн 456 мың 393 сайлаушы не­месе барлық сайлаушының 81,31 пайызы дауыс берді. Бұл көрсеткіш ел азаматтарының біздің Президентімізге прогрес­сивті және көреген саясаткер ретінде сенімінің жоғары екенін көрсетеді. Халық Халықтық коа­ли­­цияның атынан ұсынылған кан­дидат ұсынған реформаларға сенеді. Дауыс беру күні адамдар саналы түрде сайлау учаскесіне келіп, аса маңызды саяси оқи­ғадан тыс қалмау керектігін және өз таңдауын жасаудың маңызды екенін түсінді»,– деп атап өтті Александр Зель.
Кездесу соңында қа­ты­су­шылар солтүстікқазақстандық­тардың саяси мәдениетінің жо­ға­ры деңгейі олардың алдағы ре­фор­малар мен қайта құруларға қатысуына да әсер ететініне сенім білдірді.

Солтүстік Қазақстан облысы