– "Сенің батырлығыңды еліміздің барлық өңірі, тіпті, көршілес елдер көріп таңғалуда. Атырауда осындай батыр бала бар екен деген сөздің өзі бізді марқайтып отыр" – деді Ерлан Биғамбаев.Дінмұхаммед отбасының ортаншы перзенті, отбасында әпкесі және інісі бар. Ата-анасы ұлдарының ерлік әрекетін бейнежазбадан көріп таңғалғандарын жасырмады. Сол күні әкесі балаларына өзенге бармау керегін ескерткен, содан болар ол балалардың артынан ілескенімен, мұз үстіне шығып ойнауға асықпаған. Бірақ, сын сағатта балаларға бірден көмек қолын созған.
– Достарымды құтқардым. Өзімнің өмірімді ойламадым. Достарым рақмет айтты. Содан 6 полицей келгенін білемін. Әкем өзенге барма дегесін, ұрса ма деп ойладым, бірақ, әкем ұрысқан жоқ. Сыныптастарымның бәрі "жарайсың" деп айтып жатты, – деді Дінмұхаммед Жаңбырбай.
Баян Жанұзақова