«Жер аманатының» маңызы зор
«Жер аманатының» маңызы зор
11,066
оқылды
«AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалы бірқатар партиялық жобаларды жүйелі жүзеге асырып келеді. Бүгінде партияның бастамасымен «Ардагерлерді ардақтайық», «Бақытты отбасы», «Кедергісіз келешек», «Ұлттық мұра», «Жастар – Отанға!», «Халыққа көмек» жобалары жүзеге асырылып ке­ле­ді. Одан бөлек, жаңадан іске қосылған «ТазаLike», «Әлеумет», «Жаңа Қазақ­стан­ға арналған 30 инновациялық идея», «Жер Аманаты», «Ауыл Аманаты» жо­балары да бар. «AMANAT» партиясы Түркістан облыс­тық филиалының атқарушы хатшысы мін­детін атқарушы Қалыйма Жантөреева бү­гінде партиялық жобалардың елдің әлеу­мет­тік ахуалы үшін аса қажеттілігі бар еке­­нін, тиімді екенін атап өтті. Мәселен, Түркістан облысында «Ке­дер­гісіз келешек» партиялық жобасы ая­сын­да филиал жанынан 18 «Бейімдеуден өт­кен әлеуметтік нысандарға мониторинг жүр­гізу» тобы құрылып, оған қоғам бел­сен­ділері мен мәслихат депутаттары, ҮЕҰ өкіл­дері мен партия қызметкерлерінен 163 адам енгізілген. Аталған топ облыс әкімінің орын­басарымен бекітілген ерекше қажет­тіліктері бар адамдарға қолжетімділікті қам­тамасыз ету бойынша 260 әлеуметтік ны­санның 255-іне зерделеу жұмыстарын жүр­гізген.
«Ал зерделеуден өткен 255 нысанның 75-ін­де кемшіліктер толығымен жойылып отыр. 180 нысан бекітілген та­лап­тар­ға сәй­кес еместігі анықталған. Кем­ші­лік­тер бойын­ша мемлекеттік мекеме бас­шы­лары мен жеке меншіктегі ғимарат ие­лері­не ес­кер­ту берілді», – дейді Қалыйма Жан­төреева.
Сонымен қатар «Бақытты отбасы» пар­тия­лық жобасы аясында «Қамқорлық» бағ­­дарламасы іске асып келеді. Түркістан облысында аталған жоба аясында 2020-2021 жылдары партияластар мен кәсіп­кер­лердің демеушілігімен 825 млн теңгеге 2 679 адамға көмек көрсетілген. Оның ішінде 85 азаматқа тұрғын үй алып берілсе, 90 жан тұрақты жұмыспен қамтылған. «Партия тара­­пынан бекітілген жобалардың барлы­ғы­ның да өзіндік орны бар. Дәл қазір халыққа қажетті саналады. «Бақытты отбасы» жобасының да алар орны ерекше. Өңірдегі көмекті қажет ететін біршама аза­мат осынау жобаның игілігін көріп отыр. Нәтижесінде, 230 адам ақылы қоғамдық жұ­мысқа тартылып, өмірлік қиын жағдайға тап болған 2 679 отбасының 1 036-ы дағ­дарысты жағ­дай­дан шықты. Ал 630 отбасы өздері­нің өмір сүру жағдайларын түзетіп отыр», – дей­ді атқарушы хатшысының мін­­де­тін ат­қарушы. Биыл жыл басынан бері 1 027 отбасы «Қам­қорлық» жобасының шарапатын көр­ген. Оның ішінде 23 отбасыға тұрғын үй алып берілсе, 33 адам тұрақты жұмыспен қам­тылып отыр. 37-сі ақылы қоғамдық жұ­мысқа тартылып, қалған отбасыларға 190 140,9 мың теңгеге азық-түлік, киім-ке­шек, тұрғын үйді жөндеу, медициналық кө­мек, несиесін жабу секілді көмек түрлері ұйымдастырылған. «Балаларды мектепке даярлаймыз» ак­циясы аясында партияластардың демеу­ші­лігімен облыс көлемінде тұрмысы төмен, қиын өмірлік жағдайдағы отбасылардан шық­қан 2 013 оқушыға мектепке қажетті құрал­дар, мектеп формалары алынған. Биыл іске қосылған ерекше жобаның бірі – «Жер аманаты». Бұл мәселемен әсі­ре­се, жер емген оңтүстік өңірінің тұр­ғын­дары жиі бетпе-бет келеді. Игерілмей жат­қан және мақсатсыз пайдаланылған жер­ді мемлекет меншігіне қайтару Мем­ле­кет басшысы тарапынан қолға алынған. Бұл бағытта «Жер аманаты» жобасы жаса­лып, бүгінде қызу жұмысқа кіріскен. Пар­тияның Түркістан облысындағы фи­лиа­лында арнайы комиссия құрылып, 2022 жы­лы ортақ жайылым көлемін 1 012,0 мың гектар ұлғайту жоспары әзірленді. Бүгінде жоспар аясындағы жұмыстар екі бағытта жүргізіліп жатыр. Оның бірін­ші­сі, өңірде 405,2 мың гектар мақ­сатсыз пайдаланылып отырған жайы­лымдарды мемлекет меншігіне қайтару бол­са, екіншісі, 606,8 мың гектар болатын ірі жер пайдаланушылармен меморандум жасау арқылы қайтару. Осы орайда, биыл пар­тияның күш-жігерімен ауылдағы тұр­ғын­дарға 487,7 мың гектар ортақ жайылым қай­тарылған. Оның 66,3 мың гектары мем­лекет меншігіне қайтару жолымен, 421,4 мың гектары меморандум арқылы жүзеге асып отыр. Кәсіп ашқысы келетін ауыл тұрғын­дары­на «AMANAT» партиясы Үкіметпен бір­лесіп, «Ауыл аманаты» атты жобаны іске қосқаны белгілі. Бұл – мемлекет бас­шы­сының «Халықтың табысын арттырудың 2025 жылға дейінгі бағдарламасы» аясында қолға алынған бастама. Ауылдық округ тұр­ғындарын жұмыспен қамтуды ұлғайту жә­не еңбек табысын арттыру аясында қол­ға алынған жобаның алға қойған мін­дет­терін түсіндіруге арналған 3 күндік семи­нарға 181 ауылдық округ әкімдері қатысқан. Пар­тиялық жоба аясында құрылған ақ­парат­тық-насихат топ 32 ауылда тұрғын­дар­мен кездесті. Аталған жоба келер жылы жұм­ысын бастамақ. Міне, бүгінде партиялық жобалар осы­лай­ша өзінің өміршеңдігін дәлелдеп отыр.

Түркістан облысы