Бүгін Мемлекет басшысының Жарлығымен Даниал Ахметов Шығыс Қазақстан облысының әкімі болып қайта тағайындалды, – деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
«Даниал Кенжетайұлы Ахметов Шығыс Қазақстан облысының әкімі лауазымына тағайындалсын», – делінген Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойған Жарлықта.
Даниал Ахметов 1954 жылы 15 маусымда Павлодар қаласында дүниеге келген.
1976 жылы Павлодар индустриалды институтын бітірген. Мамандығы бойынша инженер-құрылысшы.
1976-1981 жж. – «Павлодар тұрғынқұрылыс» тресінде мастер;
1981–1983 жж. – Екібастұз қалалық партия комитетінде нұсқаушы;
1983–1987 жж. – «Екібастұзшахтақұрылыс» комбинатында бас инженердің орынбасары, партком хатшысы;
1987–1991 жж. – Екібастұз қалалық атқару комитеті төрағасының орынбасары;
1991-1992 жж. – «Екібастұз энерготұрғынөндірісқұрылыс» трестінің басқарушысы;
1992-1993 жж. – Екібастұз қалалық әкімшілігінің басшысы;
1993-1997 жж. – Әкімшілік басшысы, Павлодар облысының әкімі;
1997 ж., желтоқсан – 1999 ж., қазан – Солтүстік Қазақстан облысының әкімі;
1999 ж., қазан – 2000 ж., желтоқсан – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары;
2000 ж., желтоқсан – 2001 ж., қараша – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасар;
2001 ж., қараша – 2003 ж., маусым – Павлодар облысының әкімі;
2003 ж., маусым – 2007 ж., қаңтар – Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі;
2007 ж., қаңтар – 2009 ж., маусым – Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрi;
2010 жылдан – Экологиялық энергетика саласындағы компанияның басшысы;
2012-2014 жж. – Энергетика және инфрақұрылым министрі;
2014 жылғы 11 қарашада Шығыс Қазақстан облысының әкімі болып тағайындалды.