Жетісу облысында аюмен суретке түскен ер адам ұсталды
Жетісу облысында аюмен суретке түскен ер адам ұсталды
604
оқылды
Жетісу облысында атып алынған аюмен фотоға түсіп, әлеуметтік желіге жариялаған адам ұсталды.
Фотосурет осы жылдың қыркүйек айында Ескелді ауданының тауларында түсірілген. Суреттегі адам 41 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты. Ер адам ұсталып, аудандық полиция бөліміне айғақ беру үшін жеткізілді.
"Қылмыстық кодекстің 337-бабына сәйкес, жануарлардың сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлеріне, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған жануарларға қатысты заң бұзушылық бойынша тергеу басталды", - деп хабарлады полиция.