Коронавирусқа шалдыққандар саны күрт көбейді
Коронавирусқа шалдыққандар саны күрт көбейді
Фото: life09.kz
470
оқылды
Қазақстанда бір тәулікте 203 адамнан коронавирус, 13 адамнан пневмония анықталды. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады. 9 желтоқсандағы жағдай бойынша, коронавирустан – 1 460 (КВИ+), коронавирус пневмониясынан – 207 (КВИ-), барлығы 1 667 адам емделіп жатыр. Олардың ішінде 263 пациент стационарда, 1 404 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында: – 7 адамның жағдайы ауыр; – 5 пациенттің жағдайы өте ауыр; – 4 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған. Жалпы, бүгінге дейін Қазақстанда коронавирусқа қарсы вакциналардың I компонентімен 10 851 169 адам, II компонентімен 10 615 172 адам егілді. Ревакцинациядан 5 676 452 тұрғын өтті.