Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге қатысты бағамы төмендеді, - деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Күндізгі сауда-саттық мәліметіне қарағанда, доллар бағамы 1,63 теңгеге төмендеп, 1 доллар 469,93 теңге болды.
Айта кетейік, Ұлттық банктің 1 желтоқсандағы ресми бағамы – 1 доллар үшін 472, 14 теңге болды.
Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллардың сату бағамы – 469,5 теңге, сатып алу – 473 теңге.
Ал, Астана қаласы бойынша сату бағамы – 468,5 теңгеден болса, сатып алу – 471, 5.
Ресей рублі 7,27- 7,31 теңге аралығында саудаланып жатыр.
ҚР Ұлттық банкінің дерегіне сәйкес, 12 желтоқсан күні Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 7,65 теңге болды.