Көкшетауда Екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі миналар табылды
Көкшетауда Екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі миналар табылды
742
оқылды
ХХІ ғасырдағы ең ірі соғыстың үнсіз куәсі болған миналар әлеуметтік желілердің  көмегімен кездейсоқ табылды, – деп хабарлайды Aikyn.kz порталының тілшісі.  80 жылды артқа тастаған соғыс жәдігерін тапқанын осы жылдың 14 желтоқсанында WhatsApp мессенджерінің «Көкшетау экскаваторлары» топтық чатында Көкшетау қаласының 39 жастағы тұрғыны жер қазған кезінде тауып алған. Ол миналардың суретін әлеуметтік желіге жариялаған.    width= Полиция қызметкерлеріне экскаватор жүргізушісі облыс орталығының аумағындағы құрылыс учаскесінде жер қазу кезінде гидромолотпен 6 дана көлемінде тот басқан миналарды қазып шығарғанын айтыпты.
«Қазіргі уақытта табылған заттарды полиция тәркіледі, сараптама тағайындалды. Алдын ала жасалған болжам бойынша, Ұлы Отан соғысы жылдарында «құпия» деген белгімен Көкшетау қаласының аумағына әскери зауыт эвакуацияланған. Ол 39 жастағы тұрғын қазған аумаққа орналастырылған», – дейді Ақмола облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлнар Пинчук.
Қазіргі уақытта полиция тексеруді жалғастыруда.

Ақмола облысы