Марат Әбиев 2 айға қамауға алынды
Марат Әбиев 2 айға қамауға алынды
1,370
оқылды
TDFA (Болашақ сәулетшілері) жобасының жетекшісі Марат Әбиев 2 айға қамауға алынды. Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты 12 желтоқсанда шешім шығарды.
«Сот күдікті М.Әбиевке қатысты 2 ай мерзімге қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берді» делінген хабарламада.
Еске салайық, 26 қарашада Астанада TDFA (Болашақ сәулетшілері) жобасының жетекшісі, кәсіпкер Марат Әбиевтің ұйымдастыруымен рұқсат етілмеген акция өткен болатын. Ол түнгі клубтардың біріне 300-ге жуық адамды жинап алып, кейін шеруге дейін жеткізіп, полиция оны тоқтатқан. Бұл кезде елордада интернет жұмыс істемеді. Ішкі істер министрлігінің хабарлауынша, Әбиевтің жақтастары Ақордаға қарай бет алған.