Қарағандыда коронавирус үстемеақысын жымқырған аурухана директоры сотталды
Қарағандыда коронавирус үстемеақысын жымқырған аурухана директоры сотталды
Фото: alephnews.ro
534
оқылды
Қарағанды ​​облысы Бұқар жырау аудандық соты коронавирус пандемиясы кезінде қаржы жымқырған аурухана басшысына қатысты сот үкімін шығарды, – деп хабарлайды Aikyn.kz. Zakon.kz-тің дерегінше, коронавирусты емдеген мамандарға үстемеақы ретінде төленетін қаражатты орталық аудандық аурухана директоры жымқырған. Соттың баспасөз қызметі хабарлағандай, әйел алаяқтық жасауға өз үлесін қосқан. Медицина қызметкерлеріне «ковид үстемеақысы» ретінде төленетін ақшалай қаражатты жымқырған. Сотталушы Н. мен Б.-ның кінәсі дәлелденді. Сот әйелді 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айырды. Жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі орташа мекемесінде өтейді. Енді өмір бойы мемлекеттік лауазымды қызмет атқара алмайды.