Оңтүстік Америка футбол конфедерациясы (КОНМЕБОЛ) Аргентина құрамасына 2022 жылы )атарда өткен әлем чемпионатында жеңіске жеткені үшін 10 миллион доллар сыйақы берді. Бұл туралы ұйымның президенті Алехандро Домингес Twitter-де хабарлады.
Аргентина құрамасы 2022 жылғы әлем чемпионатының финалында Францияны пенальтилер сериясында 4:2 есебімен жеңіп, матчтың негізгі уақыты 3:3 есебімен тең аяқталды.