Бір күнде 182 адамнан коронавирус анықталды
Бір күнде 182 адамнан коронавирус анықталды
Фото: gov.kz
459
оқылды
Өткен тәулікте Қазақстанда 182 адамнан  коронавирус  анықталды. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады. 20 желтоқсандағы мәлімет бойынша, 2 162 адам коронавирустан (–2 061+ және 101 КВИ-) емделіп жатыр. Оның ішінде 339 пациент стационарда, 1 823 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. КВИ-ге шалдыққандардың арасында 17 адамның жағдайы ауыр, 4 пациенттің жағдайы өте ауыр, 2 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.