Ақтөбеде қорап ішінен жаңа туған нәрестенің денесі табылды, – деп хабарлайды Polisia.kz Telegram каналы.
19 желтоқсан күні сағат 22.05-те полицияға Ғ.Жұбанова көшесіндегі көпқабатты үйдің жанынан қағаз қорапқа салынған баланың денесі табылғаны туралы хабарланған.
Оқиға орнына жедел-тергеу тобы жіберіліп, жаңа туған ер баланың мәйітін анықтады.
Қылмыстық кодекстің 100-бабы «Ананың жаңа туған баланы өлтіруі» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Анасының жеке басы әзірге анықталмады.