"Қазгидромет" синоптиктері 11 өңірде дауылды ескерту жариялады.
Жетісу облысының оңтүстігінде, орталығында және таулы аймақтарында тұман күтіледі. Батыстан жел соғады, күші облыстың солтүстік-шығысында 15-20, екпіні 25 м/с.
22 желтоқсанда Атырау облысының батысында, солтүстігінде тұман күтіледі.
Алматы облысының оңтүстігінде, орталығында және таулы аудандарында тұман, көктайғақ күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады түнде облыстың солтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Алматы қ.: 22 желтоқсанда кей уақытта тұман, көктайғақ күтіледі. Қонаев қ.: 22 желтоқсанда кей уақытта көктайғақ күтіледі.
Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Орал қ.: 22 желтоқсанда түнде және таңертең тұман күтіледі.
Қарағанды облысының солтүстігініде, шығысында жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Қарағанды қ.: 22 желтоқсанда түнде жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, түнде екпіні 18 м/с күтіледі.
Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында тұман күтіледі.
Павлодар облысының оңтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын күтіледі. Батыстан жел соғады, күші түнде облыстың оңтүстігінде, шығысында 15-20, екпіні 25 м/с. Павлодар қ.: 22 желтоқсанда түнде жаяу бұрқасын күтіледі. Батыстан жел соғады, түнде екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Шығыс Қазақстан облысының таулы аудандарында қатты қар күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында, түнде облыстың таулы аудандарында жаяу бұрқасын күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, облыстың батысында, солтүстігінде 15-20, түнде екпіні 25 м/с. Өскемен.: 22 желтоқсанда түнде жаяу бұрқасын күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, түнде екпіні 15-20 м/с.
Абай облысының батысында, оңтүстігінде жаяу бұрқасын күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, түнде облыстың басым бөлігінде 15-20, облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 25, күндіз облыстың оңтүстігінде 15-20 м/с. Семей.: 22 желтоқсанда жел оңтүстік-батыстан соғады, түнде екпіні 15-20 м/с
Түркістан облысының солтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман, көктайғақ, бұрқасын күтіледі. Батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында күші 15-20м/с.